Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында есірткі қылмысының алдын алу жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Түркістан облысында есірткі қылмысының алдын алу жұмыстары қарқынды жүргізілуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен департамент жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі кеңес мүшелері және ерікті жастармен бірлесіп, есірткі қылмысына қарсы "Наркотест - әр үйге" акциялық іс- шарасы жүзеге асырылды.

Алдын алу жұмыстарын күшейту, есірткі заттарды тарату және қолдануымен байланысты қәуіптер туралы халықтың хабардарлығын арттыру, жасөспірімдер мен олардың ата-аналары арасында белсенді азаматтық ұстанымды дамыту мақсатында өткізілген шара қаланың "TURAN MALL" сауда орталығында өтті.

Сауда орталығына келушілер арасында жүргізілген бұл әлеуметтік экспериментке қатысушылар өздерінің таң қалыстарын жасыра алмай, осындай тәлімді іс жүргізіп жатқан тәртіп сақшыларына алғыс білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру