Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында ірі есірткі алқабы жойылды

Қызылорда облысында ірі есірткі алқабы жойылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қарасора — 2025” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қызылорда облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Қызылорда қаласы Ақсай полиция басқармасы қызметкерлерімен заңсыз есірткі өсіру деректерін анықтау бағатында жедел шаралар өткізуде.

“Учаске” рейдтік шара барысында учаскелік полиция инспекторы тұрғын үй ауласында есірткі егіп өсірген ірі есірткі алқабын анықтады. Бау бақша ішінен салмағы 138 келіге жуық 34 түп сора өсімдігі анықталып, тәркіленді. Бұдан бөлек, полицейлермен оқиға орнында 19 келіден аса кептірілген марихуана анықталды.

Оқиға орнында 43 жастағы облыс тұрғыны ұсталып, қамауға алынды. Тергеу жүргізілуде.

“Қарасора — 2025” жедел-профилактикалық іс-шарасы басталғалы барлығы 135 есірткі құқық бұзушылықтары анықталды, 1 т 383 келі есірткі тәркіленді, 5 фитозертхана анықталды. Есірткі өсірумен айналысқан 47 адам ұсталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру