Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде полицейлер қауіпті жағдайдың алдын алды

Өскеменде полицейлер Ертіс көпірінде болған қауіпті жағдайдың алдын алды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің арнайы жасақ (ЖҚАЖ) қызметкерлері қызметтік автокөлікпен кезекшілікке бара жатқан жолда Ертіс көпірінің қоршауында отырған қызды байқап, дереу тоқтаған. Қауіпсіздік мақсатында сақтықпен әрекет еткен полицейлердің бірі – полиция капитаны Мәди Майданбеков азаматшаны сенімді қимылмен қауіпсіз жерге түсірген.

Әңгіме барысында қала тұрғыны ешқандай ниеті болмағанын, тек телефонмен сөйлесіп отырып, әрекетінің айналадағыларға алаңдаушылық тудыруы мүмкін екенін ойламағанын түсіндірген.

Полицейлер профилактикалық әңгіме жүргізіп, алдағы уақытта өз өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларға жол бермеу қажеттілігін ескертті.

Полиция тұрғындарға өз өмірі мен денсаулығын, сондай-ақ жақындарын қорғаудың маңыздылығын еске салады. Қауіп төнген жағдайда "102" арнасына дереу хабарласыңыздар – полиция әрқашан сіздерге көмек көрсетуге дайын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру