Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында полиция қызметкерлері ардагерлерге құрмет көрсетті

Жетісу облысында полиция қызметкерлері ардагерлерге құрмет көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл сайын 1 қазанда атап өтілетін Қарттар күніне орай Жетісу облысының полиция департаменті Ардагерлер кеңесімен бірлесіп, ішкі істер органдарында ұзақ жылдар қызмет еткен ардагерлермен кездесу ұйымдастырды.

Бұл жандар мемлекетке адал қызмет етіп, өңірдегі құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті нығайтуға зор үлес қосты. Құрмет белгісі ретінде ардагерлерге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің және Жетісу облысы полиция департаменті бастығының алғыс хаттары мен құттықтаулары табыс етілді.

Көпшілігі үшін бұл тек ресми рәсім ғана емес, кәсібіне адалдығы үшін көрсетілген шынайы құрмет пен алғыс болды. Бүгінгі мереке әрқайсымызға аға буынды бағалаудың, олардың еңбегін құрметтеудің және ұрпақтар сабақтастығын сақтаудың қаншалықты маңызды екенін еске салады. Себебі дәл осы ардагерлер бүгінгі дәстүрлердің бастауында тұр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру