Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада полиция қызметкерлері қарттарға қолдау көрсетті

Астана қаласы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері қарттар үйінде тұратын 60–70 жас шамасындағы қырыққа жуық азаматқа көшпелі құжаттандыру жұмыстарын жүргізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Құжат рәсімдері аяқталған соң қарияларға жылы лебіздер айтылып, өмір жолдары мен сіңірген еңбегі, жинаған өмірлік тәжірибесі үшін шынайы алғыс білдірілді.

Көші-қон қызметінің өкілдері аға буынға деген құрмет пен ризашылықты жеткізе отырып, қарттарға қамқорлық көрсету – тек адамгершілік парыз ғана емес, әрбір азаматтың басты міндеті екенін атап өтті.

Кездесу көңілді де әсерлі жағдайда өтті. Зейнеткерлер құттықтауларды қуанышпен қабылдап, жүрекжарды естеліктерімен бөлісті. Олар көрсетілген ықылас пен қамқорлық үшін ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.

Бұл шара қарттарға қолдау көрсету – жай ғана ізгі дәстүр емес, қоғамның әлеуметтік әрі мәдени өмірінің маңызды бөлігі екенін тағы бір мәрте айқындады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру