Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында сотталғандарға арналған шеберлік сағаты өтті

Ақмола облысында сотталған оқушыларға арналған шеберлік сағаты өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекет басшысының бастамасымен 2025 жыл – "Жұмысшы мамандықтар" жылы деп жарияланды. Бұл шешім – кездейсоқ емес.

Бүгінгі күні бұрынғыдан да артық сұранысқа ие – білікті кадрлар, өз ісінің шеберлері, қолымен шынайы құндылық жасайтын адамдар. Құрылысшылар, токарьлар, слесарьлар, дәнекерлеушілер – бәрі де қоғамға аса қажет мамандық иелері.

Жұмысшы мамандығы – бұл тек құрал мен станок емес. Ең алдымен, ол – жауапкершілік, шеберлік, даму және өз еңбегінің нәтижесіне деген мақтаныш.

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында "Көпсалалы инновациялық колледжі" МККК-нің  құрылымдық бөлімшесінің өндірістік оқыту шеберлері студенттерге арналған шеберлік сабағын өткізіп, өздерінің білімдері мен дағдыларын көрсетіп, болашақ мамандарға кәсіби тәжірибелерінің бір бөлігін үйретті.

- Аталған іс-шараның басты мақсаты – өзара құрмет пен білімге ұмтылысқа негізделген екіжақты оқыту процесін қалыптастыру. Бұл ұстаз бен шәкірт арасындағы байланысты нығайтады, студенттерге еңбектің құндылығын және өз мамандығын дұрыс таңдаудың маңызын түсінуге көмектеседі, – деп атап өтті №7 мекеме колледждің әдіскері Алмагүл Сұлтанова.

- Мұғалімдер күні қарсаңында біздің өндірістік оқыту шеберлеріміз біз үшін шеберлік сабағын ұйымдастырды. Барлық сотталған студенттердің атынан ұстаздарымызға алғыс айтқым келеді. Олар күн сайын өздерінің жанын, білімін және тәжірибесін шәкірттеріне арнайды. Олардың еңбегі шын жүректен құрмет пен алғысқа лайық, – деді сотталғандардың бірі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру