Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция тұрғындарға елімізде онлайн несиелерге қатысты "шешім қабылдау" кезеңі енгізілгені туралы ескертті

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті 30 қыркүйектен бастап елімізде онлайн несиелерге қатысты "шешім қабылдау" кезеңі енгізілгені туралы ескертті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл шара азаматтарды алаяқтық схемалар мен асығыс қаржылық шешімдерден қорғауға бағытталған.

"Шешім қабылдау" кезеңі деген не? Бұл — несие шартына қол қойылғаннан кейін 8 сағаттан 24 сағатқа дейінгі уақыт аралығы, осы кезең ішінде банктер мен микроқаржы ұйымдары қарыз алушыға ақшалай қаражатты аудара алмайды.

Көрсетілген уақыт аралығында клиент өз шешімін өзгертіп, несие алудан себепсіз бас тарта алады. Бұл жағдайда шарт автоматты түрде жойылады.

Полиция барша қазақстандықтарды сақ болуға шақырады! Алаяқтардың алдауына түсіп қалмаңыздар, жеке деректеріңізді бөгде адамдарға бермеңіздер. Қаржылық операциялар жасар алдында ақпаратты мұқият тексеріп, банктерден кеңес алыңыздар. Күдікті жағдайда дереу 102 нөміріне хабарласыңыздар. Есіңізде болсын, қаржыңыздың қауіпсіздігі — өз қолыңызда!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру