Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚР ІІМ Ұлттық ұланның әскери қызметшілері әлем кубогының жүлдегерлері атанды

ҚР ІІМ Ұлттық ұланның әскери қызметшілері әлем кубогының жүлдегерлері атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6-8 қазан аралығында Астанада ерлер мен әйелдер арасындағы жекпе-жек ұрыстан әлем кубогының финалы өтті. Ауқымды турнир Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына арналды.

Жарыс Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында болды. Онда қазақстандық спортшылар жоғары дайындық деңгейі мен шеберлігін көрсетті. Олардың ішінде ел мерейін асқақтатып жүрген ҚР ІІМ Ұлттық ұланының "Burkit Team" клубының жауынгерлері де бар.

Өзін-өзі қорғау дисциплинасында ұландық Амангелді Тойбаев 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орынды иеленсе, Айбек Қырықбай 95 келіге дейінгі салмақта қола медаль жеңіп алды. Жекпе-жек ұрыс санатында да Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жақсы нәтижелер көрсетті: Медет Самитаев 95 келіге дейінгі салмақ бойынша, ал Мансұр Мимбулатов 67 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге ие болды. Осылайша, "Burkit Team" жауынгерлері Қазақстан құрамасының қоржынына төрт қола медаль салып, құқықтық тәртіп әскерінің беделін биікке көтерді.

Айта кетейік, биылғы турнирге 15 елдің ұлттық құрамалары қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, финал халықаралық ынтымақтастықты нығайтқан маңызды спорттық оқиға болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру