Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жалған айыппұл туралы хабарламалар: полиция азаматтарды алаяқтықтан сақ болуға шақырады

Полиция азаматтарды алаяқтықтан сақ болуға шақырады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі уақытта алаяқтар жол жүру ережелерін бұзғаны үшін жасалған жалған әкімшілік қаулыларды жаппай таратуда.

Хаттар мен хабарламалар азаматтардың электрондық поштасына және мессенджерлер арқылы жіберіліп, онда жүргізушінің аты-жөні, көлік нөмірі және "айыппұлды төлеу" үшін сілтеме көрсетіледі.

Алайда мұндай хабарламалар — фишингтік алаяқтық схемасы. Сілтеме арқылы банктік карта деректерін енгізген жағдайда, қаскөйлер азаматтардың есепшоттарына толық қолжетімділік алып, қаражаттарын ұрлауы мүмкін. Кейбір сілтемелер құрылғыға зиянды вирустар жүктеп, жеке деректерді ұрлауға арналған.

Полиция еске салады:

  • Ресми айыппұл туралы хабарламалар тек 1414 қысқа нөмірінен келеді;

  • Мұндай хабарламаларда ешқандай сілтеме болмайды;

  • Айыппұл туралы нақты ақпаратты тек egov.kz порталы немесе банктердің мобильді қосымшалары арқылы тексеруге болады.

Егер сізге 1414 нөмірінен айыппұл туралы хабарлама келіп, онда төлемге арналған сілтеме көрсетілсе — сілтемеге өтпеңіз! Бұл — алаяқтық!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру