Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда полицейлер "Заң және тәртіп" тақырыбында фотокөрме өткізді

Атырауда полицейлер "Заң және тәртіп" тақырыбында фотокөрме өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

9 қазан күні Атырау облысы полиция департаментінің ұйымдастыруымен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде "Заң және тәртіп" қағидасы аясында фотокөрме өтті.

Көрменің мақсаты – полиция қызметінің сан қырын көрсету, заңға адал қызмет етудің маңызын айқындау және халық пен құқық қорғау органдары арасындағы сенімді нығайту болды.

— Көрменің басты мақсаты – полиция қызметінің сан қырын көрсету, заңға адал қызмет етудің маңызын айқындау және халық пен құқық қорғау органдары арасындағы сенімді нығайту.
Бүгін біз қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің негізі болып табылатын "Заң мен тәртіп" қағидасын дәріптеу және полицияның оң бейнесін қалыптастыруға бағытталған маңызды іс-шара өткізіп отырмыз. Шара аясында полиция қызметінің түрлі қырларын ашып көрсететін фотокөрме ұсынылған, – деді Атырау облысы ПД жеке құрам жөніндегі басқармасының инспекторы Арман Нәсіпқалиев.

Шара барысында студенттер мен қонақтар полиция қызметкерлерінің күнделікті еңбегін, ерлік пен жауапкершілікке толы сәттерін бейнелейтін суреттерді тамашалады. Экспозицияда криминалистика, жол қозғалысы қауіпсіздігі, есірткі қылмысына қарсы күрес және арнайы жасақ қызметі сияқты бағыттар қамтылды. Сондай-ақ студенттерге полиция қызметіне шақыруға арналған жадынамалар таратылды.

— Көрмеден алған әсерім ерекше. Полиция қызметінің қаншалықты жауапты әрі тәуекелге толы екенін бұрын-соңды бұлай терең сезінбеппін. Әр суреттен батылдық, сабыр және елге деген адалдықтың рухы сезіледі. Бұл көрме мені өз мамандығым арқылы да қоғамға пайда әкелуге ынталандырды, – деді журналистика факультетінің 1-курс студенті Ирина Алексюнайте.

Бүгінгі шара қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздіктің маңызын айқындап, жастарды заң қызметкерлеріне құрметпен қарауға, әділдік пен борышқа адалдық рухында тәрбиелеуге бағытталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру