Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Заң мен тәртіп" – қауіпсіз қоғам құруға бағытталған тиімді цифрлық сервис

"Заң мен тәртіп" цифрлық сервисі – халық пен полиция арасындағы өзара байланысты нығайтатын заманауи жоба, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл сервис – азаматтарға құқық қорғау органдарына онлайн түрде өтініш, шағым немесе ұсыныс жолдауға мүмкіндік береді. Пайдаланушы өз өтінішінің қабылданғанын және орындалу барысын тікелей жүйе арқылы бақылай алады.

Дәл осы ыңғайлы сервис арқылы Түркістан облысында полиция департаментіне жыл басынан бері 679 хабарлама келіп түскен.

Қоғамдық тәртіпті бұзу бойынша 292 жағдай, тұрмыстық зорлық-зомбылық – 36, жол-көлік оқиғасы – 25 жағдай және 7 қылмыстық іс тіркелген. Сонымен қатар 290-нан астам хабарлама басқа да құқық бұзушылық фактілерін қамтыған.

Аталған жоба ІІМ жүргізіп жатқан ауқымды цифрландыру процесінің бір бөлігіне айналды. Жобаның мақсаты – халықтың құқықтық сауатын арттыру, полицейлердің жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету және азаматтардың сенімін нығайту. Сервис тәулік бойы жұмыс істейді, өтініштер бүкіл ел аумағында қабылданады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру