Атырау облысы ПД қызметкерлері қыз-келіншектерге өзін-өзі қорғаудың ең оңай тәсілдерін көрсетті
Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері қыз-келіншектерге өзін-өзі қорғаудың ең оңай тәсілдерін көрсетті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазіргі қоғамда әйелдердің қауіпсіздігі –өзекті мәселелердің бірі. Өкінішке орай, қыз- келіншектер күнделікті өмірде, көшеде немесе қоғамдық орындарда түрлі қауіп-қатерге тап болып жатады. Мұндай жағдайда ең бастысы – қорқынышқа берілмей, өзіңді қорғай білу.
Осы мақсатта Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері қыздарға арналған өзін-өзі қорғау бойынша нұсқаулық ұсынады. Мамандар күнделікті өмірде кездесетін ең жиі және ең қауіпті жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін көрсетті.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, басты мақсат – қорғаныс әрекеттерін үйрету, қыздарға батылдық пен сенім беру, ал қоғамға зорлық-зомбылыққа бей-жай қарамау мәдениетін қалыптастыру.
Есте сақтаңыз! Қауіп төнген сәтте ең бастысы – өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету қажет. Дауыстап көмек сұраңыз, жарық әрі адамдар бар жерге беттеңіз және бірден 102 нөміріне полицияға хабарласыңыз.