Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оралда полицейлер "Заң мен тәртіп" атты фотокөрме ұйымдастырды

Оралда полицейлер "Заң мен тәртіп" атты фотокөрме ұйымдастырды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Орал қаласында Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ұйымдастыруымен Asia Mall сауда орталығында "Заң мен тәртіп" атты фотокөрме өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – полиция қызметінің ашықтығын арттыру, тұрғындармен тығыз байланыс орнату және тәртіп сақшыларының күнделікті қызметін кеңінен таныстыру болды.

Көрмеде полиция қызметкерлерінің жұмыс барысындағы сәттері, марапаттау рәсімдері мен қоғамдық тәртіпті сақтау кезеңдерінен түсірілген фотосуреттер көпшілік назарына ұсынылды.

Келушілер жедел әрекет ететін арнайы жасақ, патрульдік полиция және криминалистика қызметі мамандарымен тілдесіп, айғақтарды жинау мен сараптама жүргізу үдерістері жайлы жан-жақты мағлұмат алды. Сондай-ақ полиция қатарына қызметке орналасу тәртібі туралы ақпарат берілді.

Қонақтар мамандарға сауалдарын қойып, пікір алмасты және қоғам мен полиция арасындағы өзара сенімді нығайтуға бағытталған мұндай шаралардың маңыздылығын атап өтті. Көрме соңында келушілер тәртіп сақшыларымен бірге естелік суретке түсіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру