Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында қоғамдық орында мас күйінде жүрген мыңнан астам азамат анықталды

Абай облысында қоғамдық орында мас күйінде жүрген мыңнан астам азамат анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысының аумағында өтіп жатқан "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішкен және мас күйде жүрген 1083 азамат анықталды.

Абай облысы полиция департаменті қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде ұйымдастырып келеді.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жергілікті атқарушы органдар көшелерде, саябақтарда, аялдамаларда және өзге де қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішуге, сондай-ақ адамның қадір-қасиеті мен қоғамда қабылданған тәртіп нормаларын қорлайтындай мас күйде жүруге қатаң тыйым салады.

Полиция қызметкерлері әрбір азаматты қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке ортақ жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Құқық бұзушылықтар, ұрлық, бұзақылық, отбасылық жанжалдар және басқа да теріс әрекеттер көбіне алкогольдік ішімдіктерді шамадан тыс тұтынудың салдарынан туындайтыны белгілі.

Алкогольдік масаң күйде көлік басқару — ауыр құқық бұзушылық әрі қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

Мас күйінде көлік жүргізу — тек өзіңіздің ғана емес, айналаңыздағы адамдардың өміріне де зор қауіп төндіретін әрекет екенін естен шығармау қажет.

Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік — әр азаматтың ортақ борышы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру