Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада пробация қызметінің жұмысын жетілдіру бағытында жиын өтті

Қызылордада пробация қызметінің жұмысын жетілдіру бағытында жиын өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық пробация қызметінде Қызылорда қаласы прокурорының орынбасары Сая Темірбекқызының бастамасымен қызметтік кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында пробация қызметінің жұмысын ұйымдастырудағы өзекті мәселелер талқыланып, қайта қылмыстың алдын алу бағытында атқарылатын шаралар мен алдағы жоспарлар талқыланды.

Жиынға қалалық прокуратура өкілдері, қалалық пробация қызметінің басшылығы және қызметкерлері қатысты. Басқосуда пробация есебінде тұрған сотталғандардың мінез-құлқын түзеу, олардың қоғамға бейімделуіне ықпал ету және қайталама қылмыстың алдын алу шараларын күшейту мәселелері айтылды.

Қазіргі таңда Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебінде 500-ден астам сотталған азамат тұр. Олардың әрқайсысымен жеке профилактикалық жұмыс жүргізіліп, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілуде.

Сая Темірбекқызы өз сөзінде пробация қызметінің қоғамдағы маңызына тоқталып, бұл бағыттағы жұмыстардың тиімділігін арттыру үшін мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы билік өкілдерінің бірлескен іс-қимылы қажет екенін атап өтті.

Кездесу қорытындысында пробация қызметінің жұмысын жетілдіруге және сотталған азаматтардың қайта құқық бұзушылық жасауына жол бермеу мақсатында бірқатар нақты іс-шаралар жоспары бекітілді.

Мұндай кездесулер алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіліп, пробация саласындағы өзекті мәселелер мен тиімді шешу жолдары қарастырылмақ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру