Абай облысында полицейлер цифрлық сервистерді енгізу бойынша семинарға қатысты
Абай облысында полицейлер цифрлық сервистерді енгізу бойынша семинарға қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz
Абай облысы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті департаментінің бастамасымен Абай облысы полиция департаменті басшылық құрамының қатысуымен оқыту семинары өткізілді.
Семинар барысында "Offline", "E-Сараптама", "E-Заң-көмегі" цифрлық сервистерін қолдану мәселелері, сондай-ақ СДТБТ ақпараттық жүйесіне енгізілген жаңа функционал – "Өтініштерді есепке алу журналы" модулі қарастырылды.
Полиция департаменті мен прокуратура және өкілдері көрсетілген қосымшалармен жұмыс істеу барысында туындайтын өзекті мәселелерді талқылап, СДТБТ ақпараттық жүйесіндегі жаңа "Өтініштерді есепке алу журналы" модулін пайдалану бойынша оқыту өткізді.
Аталған модульді енгізу өтініштерді түзету немесе жою жөніндегі электрондық нысандарды есепке алу, қарау және орындау рәсімдерінің ашықтығын және бірыңғайлығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Бұл құралды іске асыру өтініштерді тіркеу, қарау және орындау тәртібін бірыңғайландыруға, сондай-ақ іс жүргізу құжат айналымының сапасы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
