Ақтөбе облысында полициядан қашпақ болған мас жүргізуші ұсталды
Ақтөбе облысында полициядан қашпақ болған мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
"Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Шалқар қаласында полицейлер жоғары жылдамдықпен келе жатқан Kia автокөлігін байқап, жүргізушіге тоқтау талабын қойған.
Алайда ол талапқа бағынбай, қашуға әрекеттенген. Қырағы полицейлер жол тәртібін бұзған жүргізушіні артынан қуып жетіп тоқтатты.
Тексеріс барысында 40 жастағы жүргізушінің мас күйде болғаны анықталды. Полиция ескертуіне тоқтамағаны үшін және көлікті мас күйде басқарғаны үшін аталған азаматқа қатысты тиісті шаралар қолданылды.
Полиция мас күйде көлік жүргізу — жүргізушінің өз өмірі мен өзге жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне үлкен қатер төндіретінін еске салады.
 
						
 
											