Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда полицейлер экологиялық құқық бұзушылықтың алдын алды

Қарағандыда полицейлер экологиялық құқық бұзушылықтың алдын алды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысында полицейлер "Таза Қазақстан" ұлттық бағдарламасы аясында экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларды болдырмау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып келеді. Табиғатты қорғау – әр азаматтың ортақ борышы екенін еске салған тәртіп сақшылары қоршаған ортаға немқұрайлы қарайтындарға заң аясында нақты шара қолдануда.

Кезекті рейд барысында Қарағанды қаласы патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Федоров су қоймасы маңында топырақ төгіп жатқан жүк көлігін анықтады. Полицейлер жүргізушінің заңсыз әрекетін дереу тоқтатып, оның жеке басын анықтады. Тексеру барысында құқықбұзушының 55 жастағы жергілікті тұрғын екені белгілі болды.

Аталған дерек бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, заң талаптарына сәйкес іс жүргізу шаралары қабылданды. Сонымен қатар қоршаған ортаны одан әрі ластаудың алдын алу мақсатында жүк көлігі арнайы айыптұраққа қойылды. Төгіп тастаған топырақты тазалау және айыппұлды төлеу міндеттемесі толық орындалғаннан кейін ғана көлік иесіне қайтарылмақ.

Қарағанды облысының полиция департаменті табиғатты қорғау бағытындағы шараларды жалғастырып, экологиялық заң бұзушылықтар үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз етуге ерекше назар аударып отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру