Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да алғаш рет "Жас сақшы" сыныптары арасында эстафета өтті

Солтүстік Қазақстан облысында алғаш рет "Жас сақшы" сыныптары арасында эстафета өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысында алғаш рет үш мектепте ашылған "Жас сақшы" сыныптарының оқушылары қатысқан бірлескен спорттық эстафета ұйымдастырылды. Шара облыстық полиция департаментінің және "Динамо" спорт қоғамының қолдауымен "Динамо" спорт кешенінде өтті.

Жарыс басталар алдында полиция департаментінің мәдениет орталығының артистері қатысушыларға патриоттық рух сыйлап, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыратын ән орындады.

Эстафетаға әр сыныптан 20 оқушыдан құралған командалар қатысты. Қызықты да әсерлі жарыс жасөспірімдердің спорттық рухын көтеріп, ұжымдық бірлігін нығайтты, сонымен қатар олардың дене шынықтыру деңгейін арттыруға ықпал етті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, "Жас сақшы" сыныптарында дене тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінеді, себебі бұл оқушылардың көбі болашақта полиция офицері болуды армандайды.

Жарыс қорытындысы бойынша:

Бірінші орынды – М. Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейінің командасы иеленді;

Екінші орынға – №17 ұлттық жаңғыру мектеп-кешенінің «Жас сақшы» сыныбы лайық деп танылды;

Үшінші орын – Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласындағы академик Е. Бөкетов атындағы мектеп-гимназиясының командасына бұйырды.

Барлық қатысушылар назардан тыс қалған жоқ — жеңімпаздарға кубоктар мен грамоталар табысталды. Шарадан кейін жас сақшылар спорттық киімдерін қызметтік формаға ауыстырып, СҚО полиция департаментінің музейіне экскурсия жасады.

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері "Жас сақшы" жобасын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Бұл бастама өскелең ұрпақты Отанға адалдыққа, заң мен тәртіпті құрметтеуге тәрбиелеуді, сондай-ақ жоғары сынып оқушыларын ҚР ІІМ оқу орындарына түсуге ынталандыруды мақсат етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру