Жетісуда полицейлер мен танымал блогер тұрғындар арасында бірлескен сауалнама жүргізді
Жетісуда полицейлер мен блогер "optimist.hafiz" тұрғындар арасында бірлескен сауалнама жүргізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісу облысының орталығында ерекше форматтағы акция өтті — танымал блогер “optimist.hafiz” облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметімен бірлесіп, тұрғындармен ашық әңгіме құру мақсатында көшеге шықты.
Шараның басты мақсаты – азаматтардың полиция қызметкерлерінің жұмысына қатысты пікірін білу, олардың қызметін қалай бағалайтынын анықтау және халық сенімін арттырып, құқық қорғау органдарының имиджін жақсарту жолдарын талқылау болды.
Көшедегі тұрғындар өз ойларымен қуана бөлісіп, соңғы жылдары полиция жұмысының оң өзгерістерге бет алғанын атап өтті. Сондай-ақ ашық диалог пен кәсібиліктің қоғаммен өзара сенімді қарым-қатынас орнатудағы маңыздылығын ерекше айтты. Кейбір қатысушылар полиция мен халық арасындағы байланысты нығайтуға қатысты ұсыныстарын білдіріп, азаматтарға қамқорлық пен өзара түсіністік – сенімнің басты кепілі екенін атап өтті.
Акцияның толық нұсқасын және тұрғындардың пікірлерін полиция департаментінің және “optimist.hafiz” блогерінің әлеуметтік желідегі парақшаларынан көре аласыздар.
