Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде балалардың қауіпсіздігі үшін проекциялық өткелдер салынуда

Ақтөбеде балалардың қауіпсіздігі  үшін проекциялық өткелдер  салынуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10-16 қараша аралығында Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғалары құрбандарын еске алу күніне орай республикалық "Жол қозғалысы қауіпсіздігі" апталығы өтуде.

Акция аясында Ақтөбе облысы полиция департаментінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жаяу жүргіншілердің, оның ішінде балалардың қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында бірқатар профилактикалық шаралар жүзезе асырылып жатыр.

Атап айтқанда, облыс орталығындағы  жаяу жүргіншілер өткеліне арнайы проекциялық жарықтандырылған өткелдер орнату жұмыстары белсенді жалғасуда.  Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаңа үлгідегі бұл проекциялық өткелдер білім беру ұйымдарының жанына орнатылды.

Бұл жолдағы жаяу жүргіншілер жолағының алдына жарықтана түсіп тұратын "жаяу жүргіншілер өткелі" жол белгісі түріндегі бейнепроекция түнгі уақытта жүргізушілерге жаяу жүргінші өткеліне жақындап қалғанын алдын ала байқауға, жылдамдығын азайтуға мүмкіндік береді. Ерекшелігі – жоба жылдың кез келген мезгілінде жұмыс жасап тұрады. Қазіргі уақытта балалардың түнгі қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін облыс орталығында 21 проекциялық өткел жұмыс жасап тұр.

Сондай-ақ апталық аясында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жүргізушілердің қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып кетуін болдырмау мақсатында Ақтөбе қаласындағы Әбілқайыр хан даңғылы мен Пацаев көшесінің қиылысына көлденең жол таңбасы сызылды.

Бұл шаралардың барлығы жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жол апаттарының алдын алуға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру