Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кәмелетке толмаған баласы бар сотталған әйел жазасын өтеуден босатылды

Кәмелетке толмаған баласы бар сотталған әйел жазасын өтеуден босатылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №9 мекемеде Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 16 шілдедегі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңы аясында түсіндіру және орындау жұмыстары жүргізілді.

Аталған заңға сәйкес, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 74-бабының 1-бөлігіне енгізілген өзгерістер негізінде кәмелетке толмаған баласы бар сотталған әйел жазасын өтеуден босатылды.

Бұл шешім соттың қаулысымен қабылданып, сотталған азаматшаның отбасылық және әлеуметтік жағдайы ескерілді. Заңның басты мақсаты – гуманизм қағидаттарын сақтау, аналық құқықтарды қорғау және кәмелетке толмаған балалардың толыққанды тәрбиеленуіне жағдай жасау.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №9 мекеме әкімшілігі бұл бағыттағы жұмысты одан әрі жалғастырып, сотталғандардың заңды құқықтарын қамтамасыз етуге және олардың қоғамға қайта бейімделуіне қолдау көрсетуге ниетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру