Түркістан облысында жасөспірімдерге арналған кең ауқымды спорттық жарыс өтті
Түркістан облысы полиция департаментінде "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында жасөспірімдерге арналған кең ауқымды спорттық жарыс ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан, Сауран, Созақ, Кентау, Отырар, Ордабасы, Арыс және Бәйдібек аудандарындағы "Жас сақшы" сыныптарының өрендері шахмат, үстел теннисі және эстафета бойынша өзара бақ сынады.
Іс-шараның ашылуында департамент бастығының орынбасары Бауыржан Зиятаев жас спортшыларға сәттілік тілеп, жарыстың маңызын атап өтті. Жас буынға қолдау көрсету мақсатында ішкі істер органдарының ардагерлері де арнайы шақырылып, қатысушыларға ақ тілектерін арнады.
Жарыс қорытындысында үздік нәтижеге қол жеткізген оқушыларға департамент басшылығы атынан алғыс хаттар табысталды.
Бұл сайыс жасөспірімдердің дене шынықтыру қабілеттерін арттырумен қатар, оларды табандылыққа, әділдікке және ұйымшылдыққа тәрбиелейтін тағылымды шара болды.
