Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтауда сауда нүктелерінен алкоголь өнімдерін жүйелі түрде ұрлаған күдікті ұсталды

Ақтауда бірнеше сауда нүктелерінен алкоголь өнімдерін жүйелі түрде ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтау қаласы полиция басқармасының жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 27 қыркүйек пен 15 қазан аралығында қала аумағындағы бірнеше сауда нүктелерінен алкогольдік өнімдерді ұрлап келген азамат анықталды.

Тергеу барысында күдіктінің түрлі дүкендерден жасырын жолмен тауар ұрлау арқылы 14 дерекке тікелей қатысы бар екені дәлелденді. Оның әрекеті жүйелі, қасақана және барған сайын өрескел сипат алғандықтан, құқық қорғау органдары бұл қылмысты ауыр құқықбұзушылық ретінде тіркеді.

Аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті ұсталып, Ақтау қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта толық тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Полиция қала аумағында жасалатын ұрлықтарға қарсы күрес күшейтілгенін және заң бұзған әрбір азамат қатаң жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру