Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысы аумағында "Мал ұрысы" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Абай облысы аумағында "Мал ұрысы" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

17–19 қараша аралығында Абай облысында ірі және ұсақ мал ұрлығына байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу және ашуға бағытталған "Мал ұрысы" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

https://youtu.be/0ZGuCz5Tf4Y

Іс-шара "Заң мен Тәртіп" идеологиясы аясында жүзеге асырылып, ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. ЖПІШ шеңберінде полиция қызметкерлері ауылдық округтерде патрульдеуді күшейтті.

Мақаншы ауданында патрульдік нарядтар мал мен ет өнімдерін тиісті құжаттарсыз тасымалдау фактілерін анықтау мақсатында автокөліктерді тексеруде. Бұл мүмкін ұрлық деректерін дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді. Учаскелік инспекторлар тұрғын үйлерді аралап, тұрғындармен кездесіп, жеке мүлікті қорғау және мүліктік құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын түсіндіруде.

Полиция тұрғындарды қырағылық танытып, күдік тудыратын жағдайлар туралы дер кезінде хабарлауға және мүлкін қорғау бойынша профилактикалық шараларды қабылдауға шақырады.

Мал ұрлығына қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және ашу бағытындағы жұмыс жүйелі түрде жалғастырылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру