Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында полицейлер оқушыларға қауіпсіздік сабақтарын өткізді

Павлодар облысында полицейлер оқушыларға қауіпсіздік сабақтарын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шарбақты ауданында оқушыларға арналған "Нашақорлыққа жол жоқ!" профилактикалық сабағы өтті. Кездесудің мақсаты — жасөспірімдердің есірткі заттарын қолданудың тәуекелдері туралы хабардар болуын арттыру және жастарда зиянды әдеттерден қорғану мәдениетін қалыптастыру.

Павлодар облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы Ирина Тимиргалиева оқушыларға қазіргі заманғы есірткі түрлері, жасөспірімдерді құқыққа қарсы әрекеттерге тарту жолдары, сондай-ақ полицияның есірткі қылмыстарын анықтау және оның алдын алу бағытындағы жұмыстары туралы айтып берді.

Аудан прокуроры Рүстем Есенов оқушыларға профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тыйым салынған заттарды сақтау, тарату және қолдану үшін  жауапкершілік қарастырылатынын атап өтті.

Аудандық полиция бөлімінің бастығы Ардақ Ешмағамбетов жастар арасындағы профилактиканың полиция қызметінің ең маңызды бағыттарының бірі екенін айтты. Ол оқушыларды өз орталарында байқалған күмәнді жағдайларға бейжай қарамауға және дер кезінде ересектерге хабарлауға шақырды.

Оқушылар алдында нарколог Айсұлу Ренова және Жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры Ризат Рахимжанов сөз сөйлеп, есірткінің жасөспірім ағзасына зиянды әсері мен оның жылдар өткен соң да көрінуі мүмкін салдары туралы түсіндірді. Сондай-ақ Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының маманы қосымша сараптамалық ақпарат ұсынды.

Іс-шара ұйымдастырушылары мұндай кездесулер жастармен өмір мен денсаулыққа қауіп төндіретін маңызды мәселелерді ашық талқылауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Профилактикалық лекция белсенді пікірталаспен аяқталды. Оқушылар мамандарға өз сұрақтарын қойып, түрлі ведомстволар өкілдерінен кәсіби жауаптар алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру