Абай облысында 8 млн теңгеден астам қарызы бар борышкер анықталды
Абай облысында 8 млн теңгеден астам қарызы бар борышкердің автокөлігі айыптұрағына қойылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысының полицейлері жеке сот орындаушымен бірлесіп Семей қаласының 29 жастағы тұрғынына қатысты өндіріп алу шараларын жүзеге асырды. Борышкер қаржы ұйымына 8 млн теңгеден астам қарыз болған.
Сот орындаушысының қаулысы бойынша оның автокөлігі тәркіленіп, патрульдік полиция батальоны қызметкерлері "Қорғау" ақпараттық жүйесі арқылы көлікті анықтап, арнайы айыптұрағына қойды. Борышкерге сот шешімін орындау тәртібі толық түсіндірілді.
Абай облысының полициясы азаматтарды қаржы және несие ұйымдары алдындағы міндеттемелерді уақытылы орындауға шақырады.
