Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада "Ғасыр індеті – нашақорлық" тақырыбында профилактикалық іс-шара өтті

Астанада "Ғасыр індеті – нашақорлық" тақырыбында профилактикалық іс-шара өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Астанада №4 балалар кітапханасында "Ғасыр індеті – нашақорлық" атты танымдық-профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды. Шара "Астана – есірткісіз қала" жобасы және "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында өткізіліп, жастар, студенттер мен оқушылар арасында нашақорлықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және профилактикалық жұмысты күшейтуге бағытталды.

Кездесуге №48 мектептің 8-сынып оқушылары қатысты. Алматы аудандық полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімінің аға инспекторы Ақдидар Шаримбекова және учаскелік полиция инспекторы Мұхаметдин Қалабаев оқушыларға есірткі қолданудың зиянды салдары, оның денсаулыққа және болашаққа тигізетін қауіпті ықпалы жөнінде түсіндірді.

Сонымен қатар жасөспірімдерге есірткі айналымына еріксіз араласып кетпеудің жолдары мен құқықтық жауапкершілік мәселелері талқыланды. Қатысушылар қауіпті жағдайларды алдын алу, өздерін қорғау жолдары және қиын жағдайда қайда жүгінуге болатыны туралы маңызды ақпаратқа ие болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру