Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада гашиш майын сақтау фактісі анықталды

Елордада гашиш майын сақтау фактісі анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордада полицейлер жедел-іздестіру шаралары барысында 35 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Жеке тінту кезінде оның қол сөмкесінен ерекше иісі бар, сары түсті сұйықтық құйылған төрт ыдыс табылды. Сонымен қатар ер адамның пәтерін тінту барысында гашиш майы болып табылатын осындай сұйықтық қалдығы бар металл ыдыс анықталып, тәркіленді.

Медициналық куәландыру қорытындысы ұсталған адамның есірткі затын қолданғанын көрсетті. Аталған дерек бойынша "есірткі затын сақтау" фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция азаматтарды есірткі құралдарын сақтау, дайындау, сатып алу немесе өткізу ауыр қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салады. Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау үшін заңсыз әрекеттерден бас тартуға және есірткі заттарын сақтау, тарату немесе тұтыну фактілері туралы кез келген ақпаратты "102" нөмірі арқылы хабарлауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру