Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте полицейлер жас сақшыларға экскурсия ұйымдастырды

Шымкентте полицейлер жас сақшыларға экскурсия ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Заң мен тәртіп” қағидаты бойынша Шымкент қаласы полиция департаментінде "Жас сақшы" сыныптарының оқушыларына арналған экскурсия өтті. Болашақ тәртіп сақшылары полиция мұражайына барып, ішкі істер органдарының құрылу және даму тарихымен танысты.

Полицейлер қызметтік борышын атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан әріптестері туралы айтып, полиция тарихына байланысты түрлі кезеңдердегі құнды экспонаттарды көрсетті.
Экскурсия барысында оқушылар департаменттің жедел басқару орталығында да болды. Онда балаларға бейнебақылау жүйесі арқылы қоғамдық қауіпсіздікті тәулік бойы бақылау қалай жүзеге асырылатыны көрсетілді.

Сондай-ақ, полицейлердің қала көшелеріндегі жағдайды бақылап, камералар арқылы құқық бұзушылықтарға жедел әрекет ететіні түсіндірілді. Ұйымдастырушыларының айтуынша, мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың бойында азаматтық жауапкершілік пен отансүйгіштік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру