Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Таза Қазақстан" акциясы: Ұлытау облысында 4 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Ұлытау облысында "Таза Қазақстан" акциясы барысында 4 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлытау облысында "Таза Қазақстан" жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында жүргізілген кешенді рейдтік іс-шаралар нәтижесінде 4 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды.

Тазалық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында дрондар, мобильді топтар және бейнебақылау жүйелері кеңінен қолданылды.

Мониторинг барысында тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген жерлерге төгу, абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қала сыртындағы рұқсатсыз қоқыс төгінділері бойынша фактілер тіркелді.

Анықталған заңсыздықтар бойынша құқық бұзған тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру