Павлодар облысында полиция мен прокуратура бірігіп, қоғамдық қауіпсіздікті күшейтті
Павлодар облысында полиция мен прокуратурасы азаматтарды құқық бұзушылықтардан қорғау мақсатында күш біріктіруде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыста полиция мен прокуратураның өзара әрекеттесуі аясында жүзеге асырылып жатқан құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша айлық барысында құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесуге бағытталған профилактикалық іс-шаралар жалғасуда.
– Құрылған топтар қолайсыз отбасылар бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізіп, ішкі істер органдарының бақылауында тұрған адамдарды тұрғылықты жерінде аралап шығады. Отбасындағы профилактиканың рөліне, азаматтардың өмірлік құндылықтары мен құқықтық мәдениетін қалыптастыруға назар аударылуда. Ата-аналардың жауапкершілігі мен балалардың өміріне тұрақты қатысуының маңызы атап өтілді. Сонымен қатар азаматтарға лудомания, буллинг және дроперлік туралы түсіндіреміз. Бұл құбылыстар жастардың психоэмоционалдық жағдайына елеулі қауіп төндіріп, терең әлеуметтік мәселелерге әкелуі мүмкін, – деді Павлодар облысының ПД өкілдері.
Сондай-ақ рейд барысында ойын-сауық мекемелері де тексеріледі. Онда иелері мен қызметкерлеріне заңнама талаптары мен тәртіп нормаларын сақтау, сондай-ақ мекемеде құқық бұзушылықтарға жол берудің жауапкершілігі жөнінде профилактикалық әңгімелер жүргізіледі.
Ведомствода мұндай бірлескен іс-шаралар азаматтық қоғам, құқық қорғау органдары және қоғамдық ұйымдар арасында диалог орнатуға ықпал етеніні атап өтілді. Екіжақты күш біріктіре отырып, қазіргі заманғы сын-қатерлерге тиімді қарсы тұрып, қоғамда құқықтық мәдениеттің дамуына және қауіпсіз ортаның қалыптасуына жол ашуға болады.
