Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да құқық бұзған азаматтар қоғамдық жұмыстарға тартылды

БҚО-да құқық бұзған азаматтар қоғамдық жұмыстарға тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында заң мен тәртіп талаптарын сақтау бағытында жүйелі шаралар жүргізуде. Облыс бойынша қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі әкімшілік жаза көзделген құқықбұзушылықтар үшін 71 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Отбасылық-тұрмыстық саладағы құқыққа қарсы әрекеттер жайында – 47 дерек, ұсақ бұзақылық жайлы – 11,  ортақ пайдаланылатын орындарды ластау бойынша 6 дерек – алкоголь ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйде болу дерегімен – 7 факті тіркелді. 1 қыркүйектен бастап әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне айыппұлдың орнына қоғамдық жұмыстарды енгізуге қатысты түзетулер заңды күшіне енді.

Ортақ пайдалану орындарын ластағаны үшін, отбасы-тұрмыстық саладағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін , ұсақ бұзушылық үшін, арнаулы қызметтерді жалған шақырғанда, алкоголь ішкенде немесе қоғамдық орындарда мас күйінде жүргенде, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын тұлғаның заңды талабына бағынбағаны үшін, қоғамдық орындарда тиіскені үшін, жедел қызметтердің көлік құралдарына басымдық бермегені үшін, жаяу жүргіншілердің қозғалыс ережелерін бұзып, залал немесе денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін , сотқа құрметтемеушілік білдіргенде және сот шешімін немесе атқарушылық құжатты орындамағаны үшін қоғамдық жұмыстарға тартылады.

Қазіргі таңда Орал және Ақсай қалаларында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік, психологиялық және заңгерлік көмек көрсететін екі дағдарыс орталығы қызмет атқаруда. Аталған орталықтарға 189 әйел жүгініп, 23 әйел орналастырылды. Батыс Қазақстан облысының аумағында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері жанынан 13 "Отбасын қолдау орталығы" құрылды.

Бұл орталықтар қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) кешенді көмек көрсетуге бағытталған интеграцияланған модель аясында барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдерінің қызметін үйлестіруді жүзеге асырады. Әрбір тіркелген жағдай бойынша мобильді топ мүшелері жедел түрде шақыртуға байланысты шығуды қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру