Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте алматылық тұрғыннан аса ірі көлемде психотроптық зат тәркіленді

Шымкентте алматылық тұрғыннан аса ірі көлемде психотроптық зат тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қоғамда "Заң мен тәртіп" идеологиясын ілгерілетуге бағытталған жұмыстарды жалғастырып жатыр.

Жедел іс-шаралар барысында Шымкент қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері синтетикалық есірткі затын тасымалдаған Алматы қаласы тұрғынының басқаруындағы Hyundai Elantra автокөлігін тоқтатты.

Тексеру барысында автокөлік салонынан скотчпен оралған полиэтилен пакет табылып, тәркіленді. Оның ішінде жалпы салмағы 1 келі психотроптық зат болған.

Аталған заттың Шымкент қаласы аумағында жасырын орындарға қою арқылы таратуға арналғаны анықталды. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдікті қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру