Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ цифрлық қауіп-қатерлерге қарсы жүйені жетілдіру бойынша семинар ұйымдастырды

ҚР ІІМ крипталық қылмыспен күресті күшейту мақсатында семинар өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Криптовалюталар мен цифрлық активтерді пайдалана отырып жасалатын қылмыстарды тергеудің тиімділігін арттыруға бағытталған республикалық семинар-кеңес өтті.

Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі Е.Саденовтың басшылығымен цифрлық технологиялар арқылы жасалатын қылмыстарға қарсы іс-қимылды күшейтуді жалғастыруда. Басым бағыттардың бірі — криптовалюта және цифрлық активтермен жұмыс істейтін қызметкерлердің құзыретін арттыру.

Семинарға елдің әр өңірінен келген жедел және тергеу бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты. Қатысушыларға бұл саладағы қылмыстарды анықтау, қадағалау және құжаттандырудың заманауи әдістері ұсынылды. Сондай-ақ цифрлық активтер сақталған құрылғыларды тәркілеу, оларды зерттеу және цифрлық іздерді талдау бойынша практикалық тәсілдер таныстырылды.

Шараны ашқан ҚР ІІМ тергеу департаменті бастығының орынбасары Бауыржан Әбенов ішкі істер министрі цифрлық қылмысқа қарсы технологиялық әрі тиімді жүйе қалыптастыру міндетін қойып отырғанын атап өтті. Бұл жүйе заманауи тергеу әдістемелерін меңгерген мамандарды даярлауға негізделуі тиіс.

Семинар ІІМ әлеуетін кеңейтуге және қызметкерлердің цифрлық ортадағы жаңа қауіп-қатерлерге дайындық деңгейін арттыруға бағытталған маңызды қадам.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру