Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұзда ПБ бастығы азаматтарды қабылдады

Екібастұзда ПБ бастығы азаматтарды қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаланың "Maximall" сауда-ойын-сауық орталығында полиция басқармасының бастығы Төлеген Құдайбергенов азаматтарды бірыңғай қабылдау күнін өткізді. Іс-шара құқық қорғау органдарының ашықтығын арттыру және тұрғындардың өтініштеріне жедел ден қою мақсатында өткізілді.

– Біз адамдарға жақын болуға және әрқайсысын естуге тырысамыз. Мұндай көшпелі қабылдаулар бізге мәселелерді уақтылы анықтауға және оларды шешудің тиімді жолдарын табуға мүмкіндік береді. Азаматтармен ашық диалог – біздің жұмысымыздың маңызды бөлігі. Азаматтар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, учаскелік жұмыстар, құқық бұзушылықтардың алдын алу, тұрғын аудандарда құқықтық тәртіпті сақтау, сондай - ақ жол қозғалысы мен тұрмыстық жанжалдарға байланысты мәселелер бойынша тікелей жүгіне алды, – деп атап өтті полиция басқармасының бастығы Төлеген Құдайбергенов.

Барлық келушілерді тыңдап, Төлеген Құдайбергенов қызықтырған мәселелер бойынша түсініктеме беріп, жауапты бөлімшелерге келіп түскен өтініштерді жедел қарастыруды тапсырды. Бірқатар жағдайлар бойынша шешімдер сол жерде қабылданды.

Келушілер қабылдаудың ыңғайлы форматын және құқық қорғау органдарының басшылығымен толғандыратын мәселелерді тікелей талқылау мүмкіндігін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру