Павлодар мектептерінде тәртіп сақшылары қауіпсіздік сабақтарын өткізіп жатыр
Павлодар мектептерінде тәртіп сақшылары қауіпсіздік сабақтарын өткізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар қаласында мектеп оқушыларымен өткен кездесу барысында полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың ойланбай жасалған әрекеттері мен құқыққа қайшы қылықтарының ықтимал салдарын түсіндірді.
Павлодар қаласы полиция басқармасының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға инспекторы Рада Прохорованың айтуынша, құқық бұзушылықтардың алдын алу және оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында қаладағы барлық білім беру мекемелерінде профилактикалық дәрістер тұрақты түрде өткізіледі.
Дәрістер барысында оқушыларға:
-
кәмелетке толмағандар арасында жиі кездесетін құқық бұзушылық түрлері;
-
жасөспірімдер мен олардың ата-аналарының құқыққа қайшы әрекеттері үшін жауапкершілігі;
-
қоғамдық орындарда және жолда өзін дұрыс ұстау қағидалары түсіндіріледі.
Кездесу кезінде оқушылар өз тәжірибесінен мысалдар келтіріп, жасаған әрекеттерінің салдары туралы пікір алмасты. Әр жағдай полиция қызметкерлерімен бірге талданып, тиісті түсініктеме берілді. Балалар әңгімеге белсенді қатысып, түрлі сұрақтар қойды.
