ІІМ: Киберқылмыстың алдын алу мақсатында полицейлерге оқыту семинарлары өткізілді
ІІМ: Киберқылмыстың алдын алу мақсатында полицейлерге оқыту семинарлары өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ішкі істер министрлігінің тергеу департаменті киберқылмыстар, соның ішінде интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жұмысына үнемі талдау жасай отырып аймақтық бөліністердің қызметкерлерін оларды ашу және тергеу әдістеріне оқытуды жүргізуде.
Соңғы кездері қылмыскерлер заңсыз табыстарын жасыру үшін криптовалюта платформаларын пайдаланып цифрлық активтерге айналдыруға көше бастады.
Осыған байланысты, ішкі істер министрінің тапсырмасымен "Заң мен тәртіп" қағидатын жүзеге асыру мақсатында, қазан мен қараша айларында Тараз, Семей, Орал және Қарағанды қалаларында оқыту семинарлары өткізілді. Семинарға еліміздің барлық аймағынан бір жарым мыңнан астам тергеушілер, жедел уәкілдер және криминалистер қатысты.
Іс-шараның мақсаты – қызметкерлерді қылмыстық жолмен табылған цифрлық активтерді анықтау және олардың қозғалысының ізімен бұғаттау арқылы жәбірленушілерге келтірілген шығынның өтелуін қамтамасыз ету тәсілдеріне үйрету. Оқыту курстарына прокуратура, сот, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, "Астана" Халықаралық қаржы орталығы және халықаралық деңгейдегі IT-мамандар қатысты.
Семинар қорытындысы бойынша киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жұмыстарын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірленді.
Мұндай іс-шаралар азаматтарды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғаудағы полиция жұмысының тиімділігін арттырады деп айтуға болады. Жалпы, соңғы екі жылда интернет-алаяқтыққа қарсы күрес тәсіліне үйрету семинарлары еліміздің басқа қалаларында да өткізіліп, 3 мыңнан астам жедел-тергеу қызметкері қамтылды.
