Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында полицейлер оқушыларға "Көрінетін бол" акциясын өткізді

Павлодар облысында полицейлер оқушыларға "Көрінетін бол" акциясын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Балалар арасындағы жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жолда қауіпсіз жүріс мәдениетін арттыру мақсатында Шарбақты ауданы полиция қызметкерлері бастауыш сынып оқушылары арасында "Көрінетін бол" атты профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Полиция қызметкерлері балаларға негізгі жол ережелерін, қысқы кезеңде көшелерде абай болудың маңызын, сондай-ақ киім мен рюкзактарға шағылыстырғыш элементтер қолданудың қажеттілігін еске салды. Оқушыларға жолдан қалай өту керектігі, бағдаршамның әр сигналын не білдіретіні, жолға шұғыл шығуға болмайтыны және тайғақ учаскелердің қауіптілігі туралы айтылды.

Балаларға қысқы уақытта күн ерте батып, жүргізушілерге кішкентай жаяу жүргіншілерді көру қиын болатыны түсіндірілді. Шағылыстырғыштар, ашық аксессуарлар мен жарық түсті киімдерді пайдалану баланы көзге көрінетін етіп, жол-көлік оқиғаларының қаупін айтарлықтай төмендетеді.

Сабақтан кейін оқушылар полиция қызметкерлерімен бірге үйлеріне қауіпсіз маршрут жасап, оны суретке түсіріп, қысқы кезең ерекшеліктерін ескерді. Көшелердің жарықтандырылуы, тротуарлар мен жаяу жүргінші жолдары, қауіпті учаскелер. Мұндай жұмыстар балаларға қауіпсіз бағыттарды есте сақтауға және оларды саналы түрде ұстануға көмектеседі.

Полиция қызметкерлері жолда қауіпсіз жүріс дағдыларын кішкентай жастан қалыптастыру маңызды екенін атап өтті, ал осындай іс-шаралар оқытуды балалар үшін қызықты әрі түсінікті етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру