Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Учаскелік полиция инспекторының бір күні

Павлодар облысындағы учаскелік инспектордің бір күні жайлы Polisia.kz. сайтынан оқи отырыңыз

Учаскелік инспектордың жұмысы — полициядағы ең күрделі әрі жауапты салалардың бірі. Әрбір күні олар ондаған әртүрлі жағдайларға кезігеді: тұрмыстық даулардан бастап, аудан тұрғындарына құқықтық көмек көрсетуге дейін.

Шарбақты ауданы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Сұлтан Базаров осы учаскеде тек бір жылдан бері қызмет етсе де, тұрғындардың сеніміне ие болды. Жергілікті тұрғындар оның әрдайым байланыста болатынын, сыпайы екенін және әр азаматқа көмек беретінін жеткізді.

Учаскелік инспектордың күні ерте басталады. Алдымен — азаматтардан келген хабарламалар мен өтініштерді чаттардан тексеру. Содан кейін — тексеріс маршрутын жоспарлау. Оның учаскесінде кәсіпкерлер, қарттар тұрады, әрқайсысына кейде көмек немесе кеңес қажет болады.

Күні бойы Сұлтан әртүрлі міндет атқарады. Профилактикалық әңгімелер жүргізеді, әкімшілік және қылмыстық заңнаманың нормаларын түсіндіреді, бақылауда тұрған отбасыларды тексереді, тұрмыстық қақтығыстарға шығуды қамтамасыз етеді және жасөспірімдермен сөйлесіп, құқық бұзушылықтардың алдын алады.

— Мәселені кейін шешуден гөрі, алдын алу жақсы, — дейді Сұлтан.

Тұрғындармен жеке жұмыс та назардан тыс қалмайды. Кездесулерде ол қиын жағдайларда қайда жүгіне алатынын және құқықтарын қалай қорғауға болатынын сабырлы әрі толық түсіндіреді. Бір жылдық қызмет барысында Сұлтан өздігінен дағдыланып, жауапкершілікті, конфликттерді бейбіт жолмен шешу қабілетін көрсетті.

Учаскелік инспектордың жұмыс күні әдетте кестеге сай аяқталмайды. Кез келген шақыру немесе өтініш уақытқа қарамай жауап күтеді. Мұндай жүктеме шыдамдылықты, тәртіпті және адамдарға шын ниетпен көмектесуге дайын болуды талап етеді.

Бүгінде полиция қызметкері Сұлтан Базаров өз учаскесінде қызметін жалғастырып, тұрғындар арасындағы сенімді нығайтып, іс жүзінде дәлелдейді. Учаскелік инспектор — тек лауазым емес, азаматтардың мәселесі мен қауіпсіздігіне ең жақын тұрған адам.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру