Абай облысында полицейлер жол қауіпсіздігін дрон арқылы бақылауда
Абай облысында полицейлер жол қауіпсіздігін дрон арқылы бақылауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Семейде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыру және жүргізушілер тарапынан жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын болдырмау мақсатында профилактикалық іс-шара өткізді. Жол қозғалысына мониторинг жасау дронды пайдалану арқылы жүзеге асырылып, бұл жаяу жүргіншілер өткелдеріндегі құқық бұзушылықтарды нақты уақыт режимінде тіркеуге мүмкіндік берді.
Рейд барысында жаяу жүргіншілерге жол бермеген бірнеше жүргізуші анықталды. Құқық бұзушылар дер кезінде тоқтатылып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қолданылды. Заманауи технологияларды, оның ішінде пилотсыз ұшу аппараттарын қолдану бақылау тиімділігін едәуір арттырып, кез келген құқық бұзушылыққа жедел ден қоюға мүмкіндік береді.
Жаяу жүргіншілер өткелдеріндегі профилактикалық іс-шаралар Семей қаласында тұрақты негізде жалғастырылатын болады.
