Павлодар облысында ойын-сауық орындары тексерілді
Павлодар облысында ойын-сауық орындары тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Құқық бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында және құқық бұзушылықтардың алдын алу айлығы шеңберінде ювеналды полиция қызметкерлері аға прокурормен бірлесіп Ақсу қаласының кафелер, мейрамханалар, компьютерлік клубтарын тексерді.
– Бірінші кезекте кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуын тексерді. Рейд кезінде жасөспірімдер анықталмады. Қолайсыз отбасы анықталды, онда анасы кәмелетке толмаған ұлының жаңында ішімдік ішкен. Әйел сергек болғанға дейін уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына, ал баласы Ақсу қаласындағы ауруханаға орналастырылған. Сондай - ақ, анасына қатысты кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік материал жасалды, - деп хабарлады Ақсу қаласы ПБ бастығының міндетін атқарушы Айдар Сламбеков.
Ведомство мұндай рейдтердің басты мақсаты жаза емес, кәмелетке толмағандарды ықтимал қауіп пен теріс әсерден қорғау екенін атап өтті. Мұндай іс-шаралар үнемі өткізіліп тұрады және барлық елді мекендерді қамтиды.
