Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында полицейлер 200-ге жуық шетелдікті елден шығарды

Павлодар облысының аумағында биылғы жылдың 11 айында тұрақты тұруға рұқсаты бар 1 280 және уақытша тұруға рұқсаты бар 9 136 шетелдік тіркелді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Виза алу немесе уақытша әрі тұрақты тұруға рұқсат беру кезінде жауапты қызметкерлер Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктердің болу заңдылығын тексереді. Көші-қон заңнамасын бұзу фактілері анықталған жағдайда дереу тиісті шаралар қабылданатыны хабарланды.

Осы кезеңде шетелдіктерге қатысты түрлі құқық бұзушылықтар бойынша 2 001 әкімшілік материал толтырылды. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін сот шешімімен 183 шетелдік Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды.

Сонымен қатар биыл полицейлер 180 алимент төлемеген борышкерді анықтады. Облыс тұрғындарының 121 758-і жеке куәлік пен паспорттарымен рәсімделді. Жыл басынан бері шетелдіктерге 1 293 виза берілген.

Павлодар облысының полиция департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарын Қазақстан Республикасының миграциялық заңнамасын сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру