Алматыда республика бойынша өткізіліп жатқан "Учаске" жедел алдын алу іс-шарасы жалғасуда
Алматыда республика бойынша өткізіліп жатқан "Учаске" жедел алдын алу іс-шарасы жалғасуда, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Бостандық ауданында рейдтік жұмыстар, мекенжайларды тексеру, есепте тұрған азаматтармен жұмыс жүргізу, сондай-ақ көші-қон заңнамасын бұзу деректерін анықтау бағытында кешенді шаралар ұйымдастырылды.
- Біз тұрғын үйлерді өзіміз аралап, ахуалды көзбен көріп, туындаған мәселелерге дер кезінде әрекет етуге тырысамыз. Рейдтің басты мақсаты – құқық бұзушылықтың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, – деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.
Ал қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Айтан Елеусізов:
- Рейд барысында заң бұзушылықтарды анықтап, тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Құқық бұзған тұлғаларға қатысты заң аясында тиісті шаралар қолданылады. Мұндай тәжірибе қоғамдық тәртіпті сақтауға және халықтың полицияға деген сенімін арттыруға ықпал етеді, – деп атап өтті.
Еске сала кетейік, "Учаске" іс-шарасы құқық бұзушылықтарды жүйелі түрде анықтауға және қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған.
