Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысы полиция департаментінде отбасылық қауіпсіздікті нығайтуға арналған жиын өтті

Атырау облысы полиция департаментінде отбасылық қауіпсіздікті нығайтуға арналған жиын өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы полиция департаментінде "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында "Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді 16 күн іс-әрекет" акциясының қорытынды шарасы ұйымдастырылды.

Акцияның басты мақсаты – қоғамда зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру және тұрмыстық жанжалдардың алдын алуда бірлескен күш жұмсау.

Жиынға отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және халықтың құқықтық сауаттылығын көтеруге бағытталған шаралар аясында Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері, облыстық жұмыспен қамту орталығының өкілдері және жеті ауданнан шақырылған отбасын қолдау орталықтарының мамандары қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, әйелдер мен балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жаңа тәсілдерді талқылады. Іс-шара барысында Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Абзал Әліпқалиев акция аясында атқарылған жұмыстарға тоқталып, профилактикалық кездесулер, түсіндіру жұмыстары мен мобильді топтардың қызметі туралы баяндады. Сонымен қатар алдағы кезеңге арналған жоспарлар да ұсынылды.

Жиын соңында акцияға белсенді қатысып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға үлес қосқан қатысушылар Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаевтың алғыс хатымен марапатталды.

Атырау облысында отбасылардағы тұрмыстық зорлық-зомбылық деңгейін төмендетуге бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру