Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облыстық ПД бастығы жүргізушілерге үндеу жасады

Қостанай облыстық ПД бастығы жүргізушілерге үндеу жасады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысындағы жол-көлік жағдайы күрделі болып отыр. Соңғы бес жылда облыстың автопаркі 72 мың көлікке артқан, бұл жолдардағы жүктемені едәуір көбейтті.

Республикалық "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында облыстық полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин тәулігіне 13 мыңға дейін автокөлік өтетін Қостанай – Әулиекөл – Сұрған тасжолының ең жүктемелі учаскесінде патрульдік полицияның жұмысын тексерді. Дәл осы жерде жол-көлік оқиғаларының ең көп бөлігі тіркеледі.

Ерлан Файзуллиннің айтуынша, жол апаттарының басым бөлігі жүргізушілердің кінәсінен туындайды — ЖҚО жағдайларының 95%-ы ережелерді сақтамаудан болады. Қалаларда көбіне жаяу жүргіншілер қағылса, елді мекендерден тыс жерлерде қауіпті маневр жасау мен жылдамдықты асыру себеп болады. Ауа райының қолайсыздығы — көктайғақ, боран, нашар көрінушілік — тәуекелді едәуір арттырады.

Жыл басынан бері полицейлер 250 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу фактісінің алдын алды, 1 500 мас жүргізушіні анықтап, жүргізуші куәлігінен айырған 350 адамды тіркеді. Сонымен қатар ауыр құқық бұзушылықтар үшін 1 300-ден астам көлік арнайы тұрақтарға қойылды.

Жүргізушілерге үндеу жасаған Ерлан Файзуллин қысқы жолдар қателікті кешірмейтінін атап, барлық жол қозғалысына қатысушыларды бір-біріне құрметпен қарауға, жол ережелерін сақтауға, синоптиктердің ескертулеріне мән беруге, өз өмірі мен айналасындағы адамдардың өмірін қорғауға шақырды.

- Полиция әрдайым көмек көрсетуге дайын, бірақ жолдағы қауіпсіздік әр жүргізушінің өзінен басталады, - деді ол.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру