Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде Тәуелсіздік күніне арналған спорттық іс-шара өтті

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде Тәуелсіздік күніне арналған спорттық іс-шара өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №37 мекемесінде сотталғандар арасында спорттық іс-шара ұйымдастырылды.

Аталған іс-шара Қызылорда облысы мүгедектерінің "Жігер" қоғамдық бірлестігімен бірлесіп өткізілді.

Шара барысында дойбы ойынынан жарыс өтіп, оған барлығы 58 сотталған қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша белсенділік танытқан 32 сотталған "Жігер" қоғамдық бірлестігінің алғысхатымен марапатталды. Ал жүлделі орын алған 3 сотталғанға грамота табысталып, ынталандыру мақсатында бағалы сыйлықтар — 10 дана қабырға сағаты, 10 дана термометр және 1 дана 16 литрлік электрлі су қыздырғыш берілді.

Іс-шараға қатысқан сотталғандардың бірі өз пікірін білдіріп:

- Осындай спорттық жарыстар бізге рухани демеу береді. Бос уақытымызды пайдалы өткізіп, өзара қарым-қатынасымызды жақсартуға мүмкіндік жасап отыр. Ұйымдастырушыларға және "Жігер” қоғамдық бірлестігіне алғысымызды білдіреміз, – деді.

Аталған спорттық іс-шара сотталғандардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, олардың әлеуметтік-психологиялық жағдайын жақсартуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға оң ықпал етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру