Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда полиция қызметкерлері пиротехниканы заңсыз сату дерегінің жолын кесті

Павлодарда полиция қызметкерлері пиротехниканы заңсыз сату дерегінің жолын кесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласында "Пиротехника" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері заңнама талаптарын өрескел бұза отырып, пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сату фактісін анықтап, оның жолын кесті.

Рейдтік іс-шаралар барысында тиісті рұқсат құжаттарынсыз отшашу өнімдерін сату дерегі белгілі болды. Сонымен қатар пиротехникалық бұйымдардың қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жағдайда сақталып, сатылғаны анықталды. Бұл өз кезегінде азаматтардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндірген.

Анықталған заңсыз өнімнің барлығы тәркіленіп, тиісті сараптамалық тексеруге жолданды. Пиротехникалық тауарларды заңсыз сатқан тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес айыппұл салынды.

Полиция қызметкерлері пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сату мен пайдалану, әсіресе адамдар көп жиналатын орындарда, ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін ескертеді. Құқық қорғау органдары азаматтарды пиротехниканы тек арнайы мамандандырылған сауда нүктелерінен сатып алуға және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру