Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерін атады

СҚО-да полицейлер жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерін атады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер жол-көлік жарақаттануының алдын алу бойынша ең тиімді стратегияны қалыптастыру мақсатында апаттылықты тұрақты түрде талдап отырады. 11 айдың қорытындысы бойынша Солтүстік Қазсақстан облысында 542 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 47 адам қаза тауып, 710 адам жарақат алған.

Жол-көлік оқиғаларының негізгі түрлері — қарсы бағыттағы соқтығысу, жаяу жүргіншілердің өміріне қауіп төндіру қағып кету

СҚО полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері негізгі себеп ретінде көлік құралын басқару кезінде телефон пайдалану екеніне тоқталып өтті. Жүргізушілер жолдан назарын бөліп, жылдамдықты төмендетпейді, жол жағдайының өзгеруіне дер кезінде әрекет ете алмайды.

Апаттарға әкелетін жол қозғалысы ережелерін бұзудың ең жиі түрлері ретінде құқық қорғау органдары қызметкерлері қиылыстардан өту қағидаларын бұзуды, жаяу жүргіншілерге жол бермеуді және жаяу жүргіншілердің ЖҚЕ бұзуын атап өтті.

Бұл көрсеткіштер полицейлердің ауыр салдарға әкелуі мүмкін өрескел құқық бұзушылықтарды анықтауға неге ерекше көңіл бөлетінін түсіндіреді. Жұмыс жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында да, заманауи техникалық құралдарды қолдану арқылы да жүргізіліп жатыр.

Облыста құқық бұзушылықтарды автоматты түрде тіркейтін 67 стационарлық аппараттық-бағдарламалық кешен, 8 мобильді кешен жұмыс істейді, оның ішінде 4-еуі жасырын патрульдеуге арналған. Сонымен қатар дрондар кезең-кезеңімен іске қосылады.

Жезқазған — Петропавл автожолында пилоттық режимде "Argus" АБК жұмыс істеп тұр, ол Покровка мен Николаевка ауылдарының арасындағы учаскеде көліктердің орташа жылдамдығын есептейді.

Полицейлердің басты мақсаты — жолдарды қауіпсіз ету, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру