Абай облыстық ҚАЖД қызметкері мекемеге телефон кіргізбек болған азаматты анықтады
Абай облыстық ҚАЖД қызметкері мекемеге телефон кіргізбек болған азаматты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz
Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекемесінде тыйым салынған затты алып өту әрекетінің жолы кесілді. Қауіпсіздігі төмен мекемеде жазасын өтеп жатқан 39 жастағы сотталған жұмыс орнынан қайтып келе жатып, телефонды іш киіміне жасырып, мекеме аумағына алып өтпек болған. Аталған құқық бұзушылық режим бөлімінің қызметкерлері тарапынан дер кезінде анықталып, тоқтатылды.
Тексеру барысында сотталған азамат ұялы телефонды түнгі уақытта жұбайымен сөйлесу мақсатында пайдаланбақ болғанын мойындады.
— Тыйым салынған заттарды алып өту және сақтау — жазаны өтеудің белгіленген тәртібін өрескел бұзу. Қандай себеп болмасын, мұндай әрекеттер мекеменің тәртібі мен қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Жасалған құқық бұзушылық үшін сотталған жазасын өтеу орны қауіпсіздігі төмен мекемеден орташа қауіпсіздік мекемеге ауыстырылады. Бұл өзге де сотталғандарға заң талаптарын сақтамаудың жауапкершілігі бар екенін ескерту болады, — деді бақылау қызметі бөлімінің бастығы Нұржан Кабдікәрімов.
